«Әдеби көшелер» кітап оқуға шақырады
Ақтөбедегі қалалық кітапханалар мен Қ.Жұбанов атындағы университеттің кітапханасы бірлесіп, қаланың 150 жылдық мерейтойы аясында және профессор, түркітанушы, педагог Құдайберген Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ақтөбе қаласының әдеби көшелері» атты көпшілік шара ұйымдастырды. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алаңында өткен басқосу облыс орталығындағы көшелерге берілген қазақстандық және жергілікті ақын-жазушылардың есімін анықтауды, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбановтың өмірін, шығармашылық жетістіктерін, жарық көрген еңбектерін насихаттауды мақсат етеді. Сонымен қатар әдебиетді насихаттау арқылы кітап оқуды дамытып, халықты өңірдің жергілікті авторларының туындыларын оқуға шақыруды көздейді.
Көпшілік жиынға Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, студенттер, кітапханамен серіктес мектеп оқушылары және жақын орналасқан мекеме қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, Ақтөбе қаласы туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ кітап көрмесімен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




