Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті
БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанның көкпардан Жастар лигасы Франциядағы көрермендерге көкпар ойнауды көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. Қазақтың ұлттық спорты Парижден 50 шақырым қашықтықтағы Фонтенбло қаласында 25-26 мамыр күндері өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында көрсетілді.
Көкпаршылардың тартысты ойыны фестивальдағы ең қызықты сәттердің бірі болды. Көрермендер ұлттық ойынның ерекшелігімен, шығу тарихымен танысты. Оларға бірқатар тактикалық әдіс пен техникалық машықтардың құпиялары түсіндірілді.
2002 жылдан бері өткізілетін фестиваль бағдарламасында көкпармен қатар, ит жүгіртіп аң аулау, садақ ату, атқа міну өнері, сұңқар салу, аңшылық кернейшінің байқаулары кірді. Авторы Тимур Дүйсекеев
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




