Жаңалықтар
Мадияр Әшкеев карьерасында тұңғыш рет титул иегері атанды
- author «Ақ жол»
- 24 мамыр, 2019
- 545
Мадияр Әшкеев карьерасында тұңғыш рет титул иегері атанды
Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0-0 (6 KO's ) бірінші орта салмақта WBC белбеулерінің жүйесіне енетін NABF Junior чемпионы титулын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Әшкеевтің қарсыласы америкалық Сесил Маккалла болған. Жекпе-жек АҚШ-тың Тусон қаласындағы (Аризона штаты) бокс кешінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл - Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
"Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді.
Айта кетейік, бұл - Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
"Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




