Сүтке ақтаған тарыны бөктіріп дайындайтын тағам «бөкпе» деп аталады. Ұлттық тағамның осы бір түрін таңсық ас санап, сағынып жейтіндер көп. Оны ертеде пісімшілік пен егінге орақ түсетін сәтті күтіп, жаппай әзірлейтін. Бөкпе қаймағы алынбаған шикі сүтке салып дайындалады. Оны түбі қарылмайтындай етіп жайлап қайнату қажет. Сүт суала бастағанда үстіне сары май салып, аздап құмшекер сеуіп, оттың табына бөктіреді. Сүт әбден суалып болғанша тары да піседі. Бабымен піскен бөкпенің беті қабыршақтанып, бауыр секілді дірілдеп тұрады. Бойына сүт пен майды сіңіріп былбырап піскен бөкпе аса дәмді болады. Бұл – үй ішінің күнделік тағамы ғана емес, сонымен бірге сыйлы қонақтарға тартуға жарарлық кәделі ас. Бөкпені дайындау үшін 1 литр сүт, 1 стақан тары, 2 ас қасық сарымай қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




