«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жасөспірімдер жеңіспен оралды

Жасөспірімдер жеңіспен оралды
ашық дереккөз
Жасөспірімдер жеңіспен оралды

Облыс атынан «Cocа-Сola былғары доп – 2019» турниріне қатысқан Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2001-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер командасы шағын футбол турнирінің жеңімпазы атанды. Нұр-Сұлтан қаласынан жеңіспен оралған бозбала футболшыларды аудандық білім бөлімінің мамандары Тараз темір жол бекетінде күтіп алды.– Командамыз 2011 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жеңіс Ибрагимовтің ұйымдастыруымен құрылды. Осы уақыт аралығында ұжым аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда бірнеше рет топ жарды. Олар ағымдағы жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен «Мектеп лигасы» атты додада жүлдеге іліксе, енді міне Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Coсa-Cola былғары доп–2019» турнирінің чемпионы атанып отыр. Аламанға еліміздің әр қиырынан 16 команда қатысты. Өз тобында біздің оқушылар Қарағанды облысының командасын 9:1 есебімен, Атырау облысының командасын 1:0 есебімен, Алматы қаласының командасын 2:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Алматы облысының командасын 2:1 есебімен ұтып, финалда Қостанай облысының командасынан ойын соңындағы пинальтиден 5:4 есебімен басым түсті. Турнирде команда капитаны Нұрхан Байболов «Үздік капитан» атанды. Ойыншылар 11-сынып оқушысы Нұрлыбек Мырзахан, 10-сынып оқушысы Алмаз Әбдалы, 9-сынып оқушылары Нұрлан Камалладинов, Айдархан Өрісбек шеберліктерімен көзге түсті. Саламатты өмір салтын ұстанған оқушыларымыздың жетістігін мақтан етеміз, – дейді Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев.

Ерман ӘБДИЕВ

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар