Жаңалықтар
Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2019
- 632
Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды
Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy ақпараттық агенттігі.
Біржан Сартбекұлы Сөктай 1981 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Біржан Сартбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті.
Б.Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек етіп келді.
Жаңа кеңесші облыстың идеологиялық саласына жауап беретін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




