«Астананы» жеңген командамыз «Ордабасыдан» оңбай ұтылды
Өткенде ғана еліміздің бірнеше дүркін чемпионы – «Астана» футбол клубынан айласын асырған «Тараз» футболшылары жанкүйерлердің жүрегінде үміт отын жаққан еді. Сол кезде «Тіфә-тіфә, көз тимесін» дегенбіз. Көз тиді ме, сөз тиді ме, ол жағын білмедік. 11 турда Шымкентке қонаққа барған «Тараз» футбол клубы оңтүстік дербиінде қарсыластарынан оңбай жеңілді. Бұл күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионға жиналған шымкенттік жанкүйерлердің мерейі тасыды. Жасыл алаңда жасындай жарқыраған «Ордабасы» футболшылары кездесу бастала салысымен есеп ашты. Ойынның 7-минутында әріптесі асырған пасты қажетіне жаратқан Тоқтар Жаңғылышбай мергендігімен көзге түсіп, таблодағы көрсеткішке өзгерту енгізді. Алаң қожайындары бір голды місе тұтпай, есеп айырмасын ұлғайтуға күш салды. Олар көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Ойынның 24-минутында Жоао Пауло мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, «Ордабасының» екінші голын соқты. Жасыл алаңда жарытып ойнай алмаған жерлестеріміз кездесу соңында тағы бір гол жіберді. Махлангу қанжығасын майлап, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша «Тараз» футболшылары қарсыластарынан ойсырай ұтылды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді