ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді. Осыған қарай Сарқан ауданы, Тополевка ауылында екінші жыл қатарынан фестиваль ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елдер естісе, елдер көрсе, елдер білсе жерді де таниды. Алманың нағыз өскен жерін тамашалауға келеді. Бұл туризм. Туризм деген жаңа жұмыс орындары деген сөз», дейді аудан басшысы Марат Разбеков. 
Фестиваль аясында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлеріміз ұлықталып, қонақтарға қазақ халқының бай дастархан мәзірі ұсынылды. Арнайы жол талғамайтын көліктермен алма гүлдейтін жерлерге саяхаттар ұйымдастырылып, туристер гүлге оранған жеміс құшағында суретке түсу мүкіндігіне ие болды. Ұлттық парк қызметкерлері алманың тарихы туралы мағлұмат беріп, жабайы ағашты қорғап қалу бағытындағы жұмыстар түсіндірілді. 
Жоңғар Алатауы ұлттық паркі Сарқан филиалы директорының орынбасары Тоғжан Айқұлақованың айтуынша, жыл сайын 2 мың түп сиверс алмасының көшеті егіледі. 2017 жылдан бері алма қоры бірнеше гектарға ұлғайған. 
Болашақта облыстық туризм басқармасы мен жергілікті билік фестиваль аясын кеңейтіп, халықаралық деңгейде өткізбек. 
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




