Экологиялық төлемдердің 70 пайызы табиғатты қорғау шараларына жұмсалуы тиіс
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2019
- 574
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдердің 70 пайызын табиғатты қорғау шараларына жұмсауға міндеттеледі. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер мен бюджет қаражатын мақсатты пайдалану өте маңызды тақырып. Бірінші санаттағы кәсіпорындарға ластаушы заттар эмиссиясы үшін ставкалар мен төлемдерді айтарлықтай арттыру, ал жаңа қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар үшін нөлдік ставка қолдан көзделіп отыр», - деді ол елордада өтіп жатқан «Экологиялық заңнаманы реформалау - қазіргі ахуалы мен болашағы» тақырыбындағы пікірталас алаңында.
Осы ретте комитет төрағасының орынбасары табиғатты қорғау шараларына арналған экологиялық төлемдердің шығыны кемінде 70 пайыз болуы керектігін айтты.
«Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың экологиялық төлемдерді табиғатты қорғау шараларына жұмсамауы немесе бұл мақсатқа болар-болмас пайызын жаратуына қатысты көптеген сын бар. Біз бұл мәселені заңда қарастырмақпыз. Яғни, бұл шараларға кететін шығындар экологиялық төлемдердің кемінде 70 пайызын құрауы тиіс», - деді Зұлфыһар Жолдасов.
Айта кетейік, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған шарада еліміздің жаңа Экологиялық кодексінің жобасы талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




