Тоқаев АЭФ-қа қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен жаһандық үрдістерді талқылады
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2019
- 429
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХІІ Астана экономикалық форумға қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. АҚШ-тың Федералды резерві төрағасының бұрынғы орынбасары, Израиль Орталық банкінің экс-басшысы Стэнли Фишер әлемдік экономикадағы ахуалға өз пікірін білдірді. Ол қазіргі жағдайда тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатын монетарлық саясаттың негізгі факторларына егжей-тегжейлі тоқталды. Сарапшы кез келген бағытта табысқа қол жеткізу үшін білімнің маңызды рөл атқаратынын айтты.
Оксфорд университетінің профессоры Питер Франкопан Орталық Азиядағы және Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге, сондай-ақ, «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қытай бастамасына қатысты өз пікірін айтты.
Колумбияның бұрынғы президенті, әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Хуан Мануэль Сантос Кальдерон барлық шиеленісті жағдайларда бейбіт диалогтың маңызды екенін атап өтіп, Венесуэладағы қазіргі саяси тұрақсыздықтың Латын Америкасы елдерінің және жалпы әлем экономикасы үшін қауіп төндіретінін айтты.
Пікірталасқа Бәсекеге қабілеттілік орталығы IMD директоры Артуро Брис, Бейжің университеті, Жаңа құрылымдық экономика институтының деканы Джастин Ифу Линь, The Other Canon Foundation сараптамалық орталығының негізін қалаушы Эрик Райнерт, «Nokia Corporation» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, The Boston Consulting Group төрағасы Ханс-Пол Бюркнер қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан кейінгі жылдары белгілі бір деңгейде дамығанын және еліміздің өз қарқынын одан әрі ілгерілете беретінін атап өтті.
- Қазақстан биік мақсаттары мен стратегиялық жоспарлары бар жаһандық трендтер айқындалатын жаңа дәуірге қадам басты. Олардың табысты жүзеге асырылуы еліміздің дамуына маңызды үлес қосуы тиіс. Біз бүгінде барлық көршілерімізбен, стратегиялық әріптестерімізбен ынтымақтастық орнатуға ашықпыз. Қазақстан алдағы уақытта да өзінің даму жоспарын жүзеге асыру үшін үздік халықаралық тәжірибелерді ескеретін болады. Біз үшін халықтың әл-ауқатын арттыру, білім және денсаулық салаларын дамыту басым бағыт саналады, - деді Мемлекет басшысы.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев дөңгелек үстел жұмысына қатысқандарға мазмұнды диалогы және құнды кеңестері үшін ризашылығын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




