«Динамо» спорт кешенінде облыстық соттың құрылғанына 80 жыл толуына орай өңір судьялары, мемлекеттік қызметшілер мен сот қызметкерлері арасында шағын футбол додасы ұйымдастырылды. Заң қызметкерлері арасында өткен шағын футбол аламанына жалпы саны жеті команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Турнирдің ашылу салтанатында соттармен өзара іс-қимыл жасау кеңесінің төрағасы Асылхан Дармұрзаев, облыстық соттың судьясы Самат Төлесбай «Динамо» спорт кешенінің жетекшісі Ысқақ Жомарт сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Бұдан соң командалар жарысты бастап кетті. Шағын футбол аламаны кезінде тартысты ойындар көп болды. Барлық ұжым жүлдеден таласы бар екендіктерін көрсете білді. Дода қорытындысында «Арлан» командасы жеңістің ең биік тұғырынан көрініп, бірінші орынды иеленсе, жүлделі екінші орын «AS батыс аймақ» ұжымына бұйырды. «AS шығыс аймақ» командасы үздік үштікті қорытындылады. Жарыс аяқталғаннан кейін түрлі амплуалар бойынша үздіктер анықталды. Бұл ретте Тараз қалалық сотының ойыншылары айрықша көзге түскенін айта кеткен жөн. Мәселен, Самат Тауасаров «Үздік шабуылшы» атанса, Нұридин Райымбеков «Үздік қақпашы» аталымында топ жарды. Нұрмахан Шамшидинов «Үздік қорғаушы» болып танылды. Өзге де үздіктер назардан тыс қалған жоқ. Осынау дода барысында жүлдегерлердің қатарынан көрінген ұжымдар облыстық сот басшылығы тағайындаған бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен марапатталды. Судьялар одағы филиалының төрағасы Ғалым Күлекеев жақсы ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға Алғыс хаттарды тапсырды. Жалпы бұл жарыс жоғары деңгейде өткізілді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




