Спорттық бағдарлаудан Орал қаласында студенттер арасында дуы басым дода өтті. Айтулы аламанға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенттері де қатысты. Жазғы Универсиадада ТарМУ студенттері тамаша нәтиже көрсетіп, 11 команда топқа түскен жарыстан олжалы оралды. Жарысқа қатысушы командалар орта қашықтық, спринт және эстафета бойынша сынға түсті. Нәтижесінде біздің жасөспірімдер және қыздар құрамамыз қатарынан үздік шығып, бірінші орынға ие болып, медальдар мен кубоктарды қоржынымызға салды. Мұндай сыйлықтар жаттықтырушыларға да табысталды. Универсиада барысында біздің команданың өкілі Марат Жұманбеков ұйымдастырушыларға арнайы сыйлықты тапсырды. Осы бір жарқын жеңіс біздің ұжымды шабыттандыратыны сөзсіз. Жақында әлемдік деңгейдегі жарысқа қайта қатысуға мүмкіндік туындайтын сияқты. 30 сәуір мен 6 мамыр аралығында спорттық бағдарлаудан Ақмола облысының Щучинск қаласында «Бурабай-2019» жарысы өтеді. Бұл Қазақстанның студенттік командалары құрамасының соңғы іріктеу кезеңі. Осы аламанда 3-14 шілде аралығында Италияның Неаполе қаласында өтетін XXX жазғы Универсиадаға жолдаманы жеңіп аламыз деген үмітіміз зор. Біздің осы додаға қатысуымызға мұрындық болған университет ректоры Махметғали Сарыбековке алғысымыз шексіз.
Жанар БЕКБЕРГЕНОВА, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




