Сайлау-2019: Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабы таныстырылды
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2019
- 558
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өз кезегінде ҚКХП баспасөз қызметінің жетекшісі Назгүл Мақжан республикалық сайлауалды штабпен қатар облыстардағы аймақтық сайлауалды штабтар ашылғанын мәлімдеді.
«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайлауалды науқанға кірісті. Жергілікті жерлердегі сайлауалды штабтар ашылып, сайлау науқанына қатысты жұмыстар басталып кетті», - деді ол.
Шара аясында ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық сайлауалды штаб жетекшісі А. Қоңыров ҚР Президенттігіне үміткер Ж. Ахметбековпен республикалық сайлауалды штабының лентасын кесті.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




