Олар ел бокс федерациясының Кубогын сарапқа салатын дүбірлі додада өткен жылы чемпион атанған Астана боксшыларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстан бокс федарациясының Кубогы жолындағы жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі бәсеке басталып кетті. Осындай кезекті бәсекеге барып, бабы мен бағын сынауға аттанған жамбылдық боксшылар Орал қаласындағы рингте үлкен жеңіске жетті. Ширек финалдық кездесудің алғашы күні Жамбыл жампоздары Орал боксшыларын ойсырата жеңді. Оның есебі мынандай.
Жамбыл облысының құрамасы – БҚО құрамасы 9:1.
49 кг: Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы) — Әнуәр Төлебаев (БҚО). Сүгірбек техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 52 кг: Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы) — Мейрамбек Мәжитов (БҚО). Сәттібаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 56 кг: Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы) — Сәкен Сыдықов (БҚО) 3:0 60 кг: Еркеғали Назарәлиев (Жамбыл облысы) — Жалғасбек Жүсіпов (БҚО) 3:0 64 кг: Абылай Әлиханов (Жамбыл облысы) — Бақытжан Қонарбай (БҚО) 3:0 69 кг: Айтжан Шлеев (Жамбыл облысы) — Алмазбек Орынғалиев (БҚО) 1:2 75 кг: Сағадат Рахманкұлов (Жамбыл облысы) — Жасұлан Тұрғанбек (БҚО) 3:0 81 кг: Сұлтанбек Данаев (Жамбыл облысы) — Батыр Ғаббасов (БҚО) 3:0 91 кг-ға дейін: Мұрат Құралбаев (Жамбыл облысы). Қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіске ие болды. 91 кг-нан жоғары: Евгений Егембердиев (Жамбыл облысы) — Тимур Ихсанғалиев (БҚО). Егембердив техникалық нокуатпен жеңіске жетті. Жамбылдық былғары қолғап шеберлерінің екінші күнгі қарсыластары Астана боксшылары оңай шаға салатын жаңғақ емес екені белгілі. Олар Қазақстан бокс федерациясы Кубогының екі дүркін иегері және өткен жылғы чемпиондық атақтарының буы бойларынан әлі тарқамаған болатын. Бірақ, тыңғылықты дайындық, жеңіске деген құштарлық жамбылдық боксшылардың мерейін үстем етіп, «В» тобындағы ең қауіпті қарсыластарын тізе бүктірді.
Астана құрамасы – Жамбыл облысының құрамасы 4:6.
49 кг: Азат Хамзин (Астана) — Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы) 0:3 52 кг: Азат Махметов (Астана) — Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы) 0:3 56 кг: Мадияр Жанұзақ (Астана) — Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы) 3:0 60 кг: Дархан Жұмсақбаев (Астана) — Жәнібек Көшінбаев (Жамбыл облысы) 1:2 64 кг: Дәулет Дәукенов (Астана) — Ғани Жайлауов (Жамбыл облысы) 0:3 69 кг: Алматбек Ағыбаев (Астана) — Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) 0:3 75 кг: Мейрім Нұрсұлтанов (Астана) — Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы) 3:0 81 кг: Дәурен Елеусінов (Астана) — Сұлтанбек Данаев (Жамбыл облысы) 3:0 91 кг-ға дейін. Әділет Орынбасаров (Астана) — Мұрат Кұралбаев (Жамбыл облысы) 0:2 91 кг-нан жоғары. Ермек Үсенов (Астана) — Евгений Егембердиев (Жамбыл облысы) 2:0.
Сөйтіп, Қазақстан бокс федерациясы Кубогының жеңімпаздары Астана былғары қолғап шеберлерін жеңіп, мерейлері үстем болған жамбылдық жампоздар жартылай финалға жолдама алды. Команданы айтулы бәсекеге дайындап, жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан облыс боксының аға бапкері Мұхтар Бердімбетов. Енді жамбылдық боксшылар желтоқсан айында өтетін жартылай финалда Алматы облысының боксшыларымен кездеседі. Олар өз кезегінде Қарағанды облысы боксшыларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Қол жеткен табысқа аспай, таспай, жеңістен жеңіске жете беріңдер, Жамбыл бокс мектебінің түлектері.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол"
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді