Шереметьево әуежайындағы ұшақтан шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды
5-tv.ru телеарнасы Шереметьево әуежайында ұшақтан шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімін жариялады. Телеарнаның мәліметінше, Ресейдің тергеу комитетінің өкілдері 41 адамның қаза тапқанын растады. 1. Брукс Джереми Хинтон2. Чупрунов Андрей Александрович3. Чупрунова Екатерина Александровна4. Данилкина Рита5. Федорова Алиса Евгеньевна6. Ганзиев Алексей Юрьевич7. Искандеров Навруз Нурхатович8. Ивахненко Денис9. Хромченко Валентин Олегович10. Хрумов Михаил Александрович11. Кирсанова Мария Васильевна12. Киселев Петр Владимирович13. Крайнова Наталья Александровна14. Криштоп Алексей Алексеевич15. Кудрияш Александр Демьянович16. Курбонбекзада Фаткундини Мирзобек17. Мартынова алена Ивановна18. Назаров Максим Алексеевич19. Новиков Евгений Витальевич20. Новикова Софья Евгеньевна21. Парусов Михаил Алексеевич22. Пилипчук Альбина Владимировна23. Плотников Сергей24. Плотникова Надежда Геннадьевна25. Ратникова Елена Викторовна26. Савельев Роман27. Сивоконь Лариса Евгеньевна28. Смирнов Алексей Николаевич29. Сороколит Александр30. Сотсенко Евгений Владимирович31. Цупикова Дарья Константиновна32. Тупичкин Антон Александрович33. Вилямкин Виталий Николаевич34. Вицнаровский Александр35. Власов Роман Ильич36. Власова Марина Александровна37. Воробьев Максим38. Зенин Михаил Андреевич39. Гультайчук Алексей40. Долгопятов Анатолий Юрьевич41. Экипаж мүшесі. Аты-жөні әзірше белгісіз.
Еске салайық, кеше, 5 мамырда Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл оралып, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алған. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады Кейінірек Қазақстан Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева да Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдады. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Шереметьево әуежайында ұшақтың апатты жағдайда қонуы кезінде қаза тапқандардың туған - туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген жеделхатта.