Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жаңа полиция бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бөлімше 40 мыңға жуық адам тұратын Теңіз вахталық кентінде ашылды. Олар үшінші зауыттың құрылысында жұмыс істейді. Кенттегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен 27 полиция қызметкері айналысатын болады», - деп хабарлады аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңа ғимаратта кезекшілік бөлім, тергеуші мен ұсталған азаматтарға арналған арнайы бөлме жасақталған. Күдікті тұлғаларды тергеуге арналған бөлмеге аудио және видео құрылғылар орнатылған. 
Айта кетейік, Теңіз кен орнында мұнай өндірісін жылына 28 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша вахталық тәсілмен 100 мыңға жуық адам - тұтас қала тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады.
Автор: А.СоколовҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




