Футболдан Қазақстан премьер-лигасының сегізінші туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдаған «Тараз» футболшылары қарсыластарынан 2:6 есебімен оңбай ұтылды.Ойынның 13-минутында «Тараз» қақпашысы Самат Отарбаев өз қақпасына автогол соғып алды. Осылайша қонақтар есепте алға шықты. Бұл «Тараздың» осы маусымдағы төртінші автоголы болатын. Арада алты минут өткенде «Тараз» футбол клубының ойыншысы Эливелто таразы басын теңестірді. Сол Эливелто 23-минутта есепті еселеді. «Тараз» 2:1 есебімен алға шыққанда кәдімгідей қуанған едік. Жерлестеріміз көкшетаулықтардан ойсырай жеңіледі деп кім ойлаған?! Кездесудің 30-минутында «Оқжетпес» футболшылары есепті теңестірді. Дарко Зорич мергендігімен көзге түсті. Үзілістен кейін «Тараз» футболшылары алға ұмтылған болатын. Алайда ойындағы бесінші голды қонақтар соқты. Владислав Касминин «Оқжетпесті» есепте алға шығарған соң «Тараз» футболшыларының жүйкесі сыр берді. 66-минутта Игорь Пикалкин екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды. 73-минутта Милан Стоянович 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таблодағы көрсеткішті 2:4-ке жеткізді. Бұдан соң Алтынбек Сапаров пен Александр Килицын бір-бір голдың авторы атанып, ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп – 2:6. Ұят-ақ. Дегенмен екінші кезеңде Еркебұлан Дайыровқа қызыл қағаз көрсетпеген төрешінің «Таразға» келгенде шекесі тырысқаны таңғалдырды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді