НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасы дайындалды. Қаулы жобасында келесі мәселелер қарастырылған: Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркелсін. Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын. БАҚ-та Қ.К.Тоқаевтың ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелгені туралы хабар жариялансын», - деді С.Мұстафина.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына дауыс беріп, ол бірауыздан қабылданды. Осыдан кейін ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарында болуына байланысты тиісті куәлікті оның сенімді өкілі «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




