Қордайда шекараны жаяу кесіп өткен ресейлік ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қордайда Қырғызстаннан шекараны жаяу кесіп өткен 30 жастағы ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасай батыр» заставасының аумағында Қырғыз Республикасынан Қазақстанға қарай шекараны бұзып өткен аадам ұсталды. Шекара жасағы шекараға қарай жаяу келе жатқан бейсауат адамды байқаған. Ұсталған адам 1989 жылғы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, шекарашылар көрші елдің аумағынан оқиғаны бақылап тұрған адамның сұлбасын байқап, Қырғыз Республикасының шекарашыларына хабар береді. Дер кезінде берілген ақпараттың нәтижесінде, қырғыз әріптестер шекара сызығына дейін ілесіп келген серігін, әйел адамды ұстады. Ол 1980 жылғы Ресей Федерациясының азаматшасы болып шықты.
Қазір оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді