Жаңалықтар
Мексика билігі 2006 жылы үйінді астында қалған 65 кеншінің денесін шығармақ
- author «Ақ жол»
- 2 мамыр, 2019
- 472
Мексика билігі 2006 жылы үйінді астында қалған 65 кеншінің денесін шығармақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексика билігі таяу уақытта 2006 жылы Коауила штаты "Паста-де-Кончос" көмір шахтасындағы жарылыс салдарынан үйінді астында қалған 65 кеншінің денесін шығару операциясын бастайды. Бұл туралы сәрсенбіде Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор мәлімдеді. «Біраз уақыт бұрын берген уәде мен әділдікті қалпына келтіру туралы айтып отырмын», - деген мемлекет басшысының сөзін келтіреді Milenio газеті.
Лопес Обрадор биліктің қажетті жұмыстарды жүргізу үшін айтарлықтай қаржы көлемін бөлгенін атап өтті. Түрлі деректер бойынша, кеншілердің денелері 150-490 метр тереңдікте қалып қойған.
"Паста-де-Кончос" жарылысы 2006 жылдың 19 ақпанында таңертең болды. Құтқару операциясынан еш нәтиже шықпады. Ақпан айының соңында осы шахта тиесілі компанияның басшылығы қапаста қалып қойған кеншілердің тірі қалуы мүмкін еместігін мәлімдеді. Осыдан кейін бұл кәсіпорында көмір өндіру ісін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




