Жаңалықтар
Әлі жеңілмеген "Qazaq" Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды
- author «Ақ жол»
- 2 мамыр, 2019
- 559
Әлі жеңілмеген "Qazaq" Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды
Биыл наурызда Қанат Исламның АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.
Сурет : egemen.kz30 Сәуір 2019, 17:20
Жеңіліс дәмін татпаған боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері Instagram парақшасында: "Қанат пен QAZAQ PROMOTIONS-тің ынтымақтастығы және алдағы болатын жекпе-жегi туралы ақпарат көп ұзамай жарияланады!" деп жазды.Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған "Qazaq" лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Кездесудің 9 раундында қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Өткен жылы 23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Сондай-ақ биыл наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




