Мен «Тараз» футбол командасына 50 жылдан бері жанкүйер болып келемін. Аяқдоп шеберлеріміз жоғарғы топқа өткен соң, футболдан ел чемпионаты тез басталса екен деп күндіз-түні тілеп, күтіп жүрдім. Футбол чемпионаты басталып, Тараздың футболшылары сырт алаңда екі рет ойнап, қатарынан екі рет ұтылды. Десе де өз алаңында Атыраудың футбол клубын қабылдап, 2:0 есебімен ұтқанда қатты қуандым. Меркі мен Тараздың қашықтығына қарамастан, облыс орталығына келіп, спортшыларымызға қолдау көрсеттім. Енді «Тараз» футболшылары бұдан кейін өз алаңында да, сырт алаңда да ойнап ұтып жатса төменгі 12-орынға түспейтін шығар деген үмітім болды. Бірақ үмітім ақталмады. Облыстың құрамасы 4 рет ұтылды, ең төменгі 11-12 орынға сырғыды. «Тараз» футболшылары неге қайта-қайта ұтыла береді, кінәні қайдан іздейміз? Футболшылар нашар ойнай ма, әлде бас бапкер команда мүшелерімен тіл табыса алмай ма? Біз алдағы он бес ойынға дейін аяқдопшыларымыз ойынды өзгертіп, бастапқы орындарға көтерілмейтін болса, облыстың спорт саласы басшыларынан футбол ойыншылары мен бас бапкерді ауыстырыңыз деп айтуға мәжбүр боламыз.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ, зейнеткер.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді