Лос-Анджелесте Головкин мен Роллс көз арбасты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) екінші рет баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Головкин 8 маусым күні «тамаша шоу» сыйлайтынын тағы да атап өтті, сондай-ақ Роллсты қарсылас ретінде таңдауы кездейсоқ еместігін тілге тиек етті. «Стив осы жекпе-жекке лайықты. Меніңше, ол осы жекпе-жек үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған бірден-бір боксшы болды, сондықтан да осы жекпе-жекті алды», - деді Головкин.
Роллс, өз кезегінде, жекпе-жекте жеңіске жету үшін де қолынан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді.
Баспасөз мәслихатынан кейін Головкин мен Роллс дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Олардың жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




