Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті 

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті 
ашық дереккөз
Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті 
© AP Photo / Eranga Jayawardena Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге, ал зардап шеккендердің саны 520-ға жетті. Бұл туралы байланыс құралдары және бұқаралық ақпарат министрі Руван Вийевардене мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап. Мұның алдында жарылыстан 262 адамның қаза тауып, 452 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Шри-Ланка билігі 40 күдіктіні ұстаған.
"Қаза тапқандар саны 321-ге жетті және 521 адам зардап шекті", - делінген телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында. Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар. Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады. Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.

tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар