Жаңалықтар
Кореяның бірінші ханымы қазақстандық студенттермен кездесті
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2019
- 531
Кореяның бірінші ханымы қазақстандық студенттермен кездесті

© news.joins.com Сонымен қатар, Сеулде Қазақстанның мәдени аптасы басталды. Оны Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырып отыр.
Іс-шара Президент Мун Чжэ Инның Нұр-Сұлтанға жасаған сапарына орайластырылған. Екі елдің көшбасшылары экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізген кезде, Сеул тұрғындары қазақ әндері мен биімен танысты.
Сондай-ақ, қазақстандық апта аясында сән және қазақстандық фильмдер көрсетілімі болады. Оңтүстік Корея көрермендері "Жерұйық" және "Жаңғақ тал" фильмдерін тамашалайды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Сеулдегі қазақ диаспорасының өкілдері және студенттері қатысқан.
"Осындай шаралардың берері көп. Шетелдіктер бұл арқылы қазақтың дәстүрі және мәдениетімен танысады", - деді көрермен болған Төлеген Мұханов.
"Мун Чжэ Ин Президентінің Қазақстанға сапарына орай, біз қазақ дәстүрлері мен мәдениетін көрсетіп, осындай мереке ұйымдастырдық. Шараға қонақтар көп келді. Сондықтан олар Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді деп айтуға болады", - деді Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумы хатшылығының директоры Лим Чхоль Ву. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




