Жаңалықтар
Димаштың концерті үшін Нұр-Сұлтанда "Астана" – "Қайрат" ойыны өтпей қалуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2019
- 457
Димаштың концерті үшін Нұр-Сұлтанда "Астана" – "Қайрат" ойыны өтпей қалуы мүмкін
Димаштың Нұр-Сұлтандағы концертіне билеттер құны 500 теңгеден басталады.
Сурет : Instagram22 Сәуір 2019, 16:00
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы турындағы "Астана" мен "Қайрат" арасындағы орталық кездесудің басқа алаңға ауыстырылуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Bnews.kz.
Өйткені 29 маусымда "Астана Аренада" Димаш Құдайберген жеке концерт бермек. Сол себепті футбол ойындарын өткізуге арналған арена 12 маусым мен 1 шілдеге дейін жабылмақ. Ал "Астана» – «Қайрат" кездесуі 30 маусымға жоспарланған. Бұл ақпаратты "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі растады.
"Қазір команданың сол уақытта қай жерде ойнайтыны қарастырылуда. Қандай шешім қабылданғанын ресми сайтта жариялаймыз", – деп хабарлады Нұр-Сұлтандық клубтың баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың Нұр-Сұлтандағы концертіне билеттер құны 500 теңгеден басталады деген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




