Жаңалықтар
Алматыдағы марафонда "шындық іздеген" тағы үш адам жазаға тартылмақ
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2019
- 479
Алматыдағы марафонда "шындық іздеген" тағы үш адам жазаға тартылмақ
Полиция істің мән-жайын айтып берді.
Сурет : zakon.kz22 Сәуір 2019, 17:25
"От правды не убежишь", #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген жазулары бар баннердің басы-қасында болған тағы бірнеше азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Жергілікті полиция деректері бойынша, қазір тағы үш адамға қатысты ҚР ӘҚбК 488 бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Жақын арада олар сотқа тартылады, – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.Бұған дейін ол балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді деген хабар тараған. Әзірбек түсіндіру жұмыстарын жазалау деп санамайды.
– Неге бүгін? Қайтадан ашылған мән-жайларға байланысты шығар. (….) Марафон – Алматының дәстүрлі шарасы, түрлі елдерден қатысушылар келеді, сондықтан қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін, оның ішінде 2013 жылғы Бостондағы Марафондағыдай, полиция қауіпсіздіктің күшейтілген шараларын қолға алады. Кез-келген заңсыз іс-әрекет түбірімен кесіледі. Әлгі жастар бейбіт жиын, шеру ұйымдастыру мен өткізу туралы 488 баптың нормаларын бұзған, – деп хабарлады Әзірбек.Оның пікірінше, ондай көзқарасты мәдени түрде, құқық аясында жеткізуге болар еді, өйткені біз құқықтық мемлекетте тұрамыз.
– Олардың мақсаттары марафон тақырыбына сай емес болған. Егер салауатты өмір салтын насихаттағанда – оған ешқандай кедергі жоқ. Плакаттар заңсыз деп бағаланды, сот құқықтық бағасын берді, – деді Әзірбек.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




