Қазақстан мен Ресей ЖОО-ларының ректорлары кәсіпкерлік мәселелерін талқылады
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2019
- 142
Облыс әкімі Болат Бақауов ауқымды шараға қатысушылардың жұмысына сәттілік тілеп, конференцияның маңыздылығына тоқталды.
«Еліміздің ЖОО ректорларының Ертіс-Баян өңірінде бас қосып, кеңес өткізуі үлкен тарихи оқиға. Павлодар облысы қазақ ғылымын дамытуға зор үлес қосқан, ірі қоғам қайраткерлері мен академиктерді дүниеге әкелген қасиетті өңір. Атағы әлемге әйгілі Қаныш Сәтбаевтан бастап, қазақ ғылымының туын биікке көтерген Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров, Шапық Шөкин сияқты даналар Баянауылдың топырағында туып-өскен. Қазіргі таңда Отанымыздың тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша ауқымды жобалар тұр. Маңызды мақсаттардың бірі - кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, жастарды өз кәсібін ашуға үйрету. Біз жастарды жалынды шағын бекер өткізбей бір ғылымға деген қызығушылығын оятып, өз ісінің жемісін көруге тәрбиелеу керекпіз. С.Торайғыров атындағы университет осы бағытта тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Алғаш рет елімізде кәсіпкерлікті дамыту мамандығын енгізген ЖОО-ның қатарында. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жасаған сапарында университеттегі Startup Академияның тұсауын кескен еді. Сол кезде бастау алған жобалар өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді», - деді Болат Бақауов.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Гаухар Ахметова білім ордасының өткен тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы баяндады.
«Қазіргі таңда алдымызда жаңа стратегиялық мақсаттар мен міндеттер тұр. Солардың бірі - кәсіпкерлікті дамыту. Отандық және шекаралас жоғары оқу орындарының ректорлары үшін пікір алмасу алаңындағы материалдар мен жобалар пайдалы болады деп үміттенемін. Университеттің іргетасы қаланғанына 60 жылдай уақыт өтті. 1960 жылы индустриалды институттың үш факультеті ғана болса, қазіргі таңда көп салалы университетке айналды. Оқыту 126 білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Бір жарым жылдың ішінде білім алушылардың саны 40 пайызға артты. Біздің университет мемлекеттік білім беру гранттары бойынша аймағымызда көш бастайды. Соңғы жылдары түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, 2018 жылы бұл көрсеткіш 96 пайызға жетті. 2017 жылмен салыстырғанда орташа еңбекақы 40 пайызға артып, 97 мың теңгені құрады. ПМУ экономиканың барлық саласы үшін мамандарды даярлау мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жетекші ЖОО-ның қатарына кіреді», - деді Гаухар Ахметова.
М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбековтың айтуынша, студенттерді кәсіпкерлікке баулу, негізгі мамандықпен бірге шағын және орта бизнеске дайындау ерекше орын алады.
«Мысалы, мен Жамбыл облысы әкімдігінің атынан кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жанындағы бизнесті қолдау комиссиясын бес жыл басқарып келемін. Комиссия шешімі бойынша кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік гранттар бөлінеді. Өкінішке орай, көптеген қатысушылардың кәсіпкерлік мәдениеті төмен екені байқалады. Сондықтан жастар үшін колледждер мен унивеситеттердің қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысу қажеттілігі туындап отыр», - дейді Махметғали Сарыбеков.
Омбы Мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Анатолий Косых Ресей үшін Қазақстан сияқты кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту маңызды рөл атқаратынын айтады.
«Кеңес дәуірінде кәсіпкерлік айтарлықтай дамымаған еді. Аса үлкен емес мемлекеттік кәсіпорындар болған. Бұл бағытта студенттерді даярлау басқа қағида бойынша жүзеге асырылған. Біздің университетте ұзақ жылдар бойы таңдаулы білім беру факультеті жұмыс істейді. Ол жерде студенттер негізгі білім беру бағдарламасымен қатар қосымша пәнерді тереңдетіліп оқиды. Оның ішінде жаңа кәсіпкерлерді дайындаймыз. Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын бизнес фабрикасы іске қосылған», - дейді Анатолий Косых.
Айта кетейік, аталған жиынға ҚР ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов пен еліміздің әртүрлі аймақтары мен көршілес мемлекеттердің ЖОО-ларынан 40 ректор қатысты.
Фото: Валерий Бугаев
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді