С.Зайцев оралдық клубқа өткен жылғы шілдеде келген еді. Алайда ол жаттықтырған «Ақжайық» өткен маусым қорытындысында премьер-лигада ең соңғы орынға ие болып, бірінші лигаға түсіп қалды.
Бас бапкерлік міндеті биыл да С.Зайцевке жүктелгенімен, ол сенімді ақтай алмады. Ең алдымен оралдық команда Қазақстан кубогы жолындағы матчтарда сүрініп, іріктеу кезеңінен өте алмады.
Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат еткен «Ақжайықтың» биылғы біріншіліктегі бастапқы екі ойыны да көңіл көншітерліктей емес. Алдымен елордада «Астана М» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Содан кейін Талдықорғанда «Жетісу Б» командасына 2:3 есебімен есе жіберді.
Бірінші лиганың үшінші турында оралдықтар 21 сәуір күні Ақсай қаласында «Қарашығанақ» спорт кешені алаңында «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдайды.
Еске сала кетейік, өткен жылы «Ақжайыққа» жаңа бапкер келгенін жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді