Біз алдымызда отырған оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2019
- 196
Сондай-ақ, Күүләш Шәмшидинова «Дара» қорының көмегімен ашылған, бүгінгі күні 400-ден астам баланы қамтып отырған «Педогогикалық - психологиялық түзету» кабинетіне барды. Мұнда әр балаға тиісті жағдай жасалған. Министр мектеп ішінен ашылған кабинет жайлы:
«Корекциялық кабинет жайында бірнеше рет естігенмін, бүгін ойымдағыны көргендей болдым. Бұл - ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу, оңалту және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына кеңес беру, көмектесу қызметін көрсететін бірден-бір орын», - деді.
Күләш Ноғатайқызы педогогикалық ұжыммен кездесіп, ұстаздарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Министрге кітапханашылар мен әдіскерлердің еңбекақысы, критериалды бағалау, білім беруде шет тілдердің енгізілу жүйесі туралы сұрақтар қойылды.
Ұлт көшбасшысының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру бастамасы мұғалімдерге де қатысты.
«Ең бірінші кезектегі мәселе - табысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру. Қазір ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде есеп жүргізіліп жатыр. Дайын болғанда хабарлаймыз», - деді министр.
Министр өз сөзінде мектептердің жаңа бағдарламаға көшу себептеріне баса назар аударды.
«Бұдан ары да өзгерістер болады, жұмыс жасалады. Себебі, біз алдымызда отырған оқушылардың, олардың ата-анасы мен мемлекет алдында жауаптымыз. Бүгінде заман талабына сай еңбек нарқы өзгеріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу өте маңызды. Балаларға ойлануды, ойын жеткізуді үйретуіміз керек», - деді Күләш Шәмшидинова.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді