«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Оралда 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты 

Оралда 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты 
ашық дереккөз
Оралда 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты 
© Ерсін Мерхан 16 сәуірде Орал қаласында 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі жол бойында тұрған "ГАЗель", Nissan, "Лада Веста" және "ВАЗ-2115" автокөліктерін қиратқан.
"Жол-көлік оқиғасы шамамен 12:00-де Жәңгір хан көшесінің бойында "Бүркіт" жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Mercedes тізгінінде қыз бала болған, ол ауруханаға жеткізілді. Көлікті оқиға орнынан эвакуациялады. Қалған көліктер техникалық тұрғыдан қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. "Түскі уақытта облыстық көпсалалық ауруханаға жедел жәрдем каретасы қыз баланы жеткізді. Қазіргі уақытта оған емдеу шаралары көрсетіліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар