Жаңалықтар
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкентке келді
- author «Ақ жол»
- 15 сәуір, 2019
- 503
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкентке келді
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.
Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды. Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды. Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылайтын болады. Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады. Авторы: Мирас ҚуандықовҰқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




