Ташкентте Тоқаевтың келуін күтіп жатыр
Ташкент қаласының басты көшелерінде қазақстандық делегацияның келуі туралы хабарлайтын тулар мен билбордтар ілінген.
"Қазақтар - жақсы адамдар. Иә, сіздердің Президент келетінін естідік. Қалада тулар іліп жатқанын байқадық", - дейді жергілікті тұрғын Максим Росляков.
© Tengrinews.kz "Үш-төрт күн бұрын Ташкентте сіздердің Президенттің келуіне байланысты жалаулар мен баннерлерді безендіре бастады. Біз бауырлас халықтарымыз. Бізде қазақ ауылдары да бар. Маған Қазақстан ұнайды, Алматыда, Шымкентте болдым. Онда жақсы адамдар тұрады", - дейді жергілікті тұрғын.
Фото Tengrinews.kz Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.
Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауда болды. Онда Президент бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, теңіз сауда портының қызметімен, Ақтау қаласының курорттық аймағы инфрақұрылымының дамуымен танысты, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




