Жаңалықтар
Ұлттық парктегі жарылыстан 66 жастағы механизатор қайтыс болды
- author «Ақ жол»
- 14 сәуір, 2019
- 468
Ұлттық парктегі жарылыстан 66 жастағы механизатор қайтыс болды
Тағы 7 адам жарақаттанды.
Сурет : vargashi.com12 Сәуір 2019, 10:44
Алматы облысы Үшарал қаласында орналасқан Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде төтенше жағдай! Өрт сөндіру көлігінің сорғызу қондырғысынан ақау шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайдың салдарынан 1 адам қаза тауып, 7-і жарақаттанды. Олардың бірі тұрғын болса, қалғаны парк жұмысшылары. Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Автоцистерна орман алқаптарында болатын өрттерді сөндіруге арналған. Соны жөндеу кезінде кішігірім жарылыс болып, подшипник шашылып кетті.Жалғыз қызметтік көлік ескі болғандықтан, бұған дейін бірнеше рет жөндеуден өткізілген екен. Бұл жолы да парк қызметкерлері өз беттерінше сорғызу қондырғысын жөндеп жатқанда жарылыс болған. Қайтыс болған 66 жастағы азамат Алакөл паркінде механизатор қызметін атқарыпты. Соңында үш ұлы мен бір қызы қалған отбасыға материалдық көмек көрсетіледі. Ал, жарақат алған жеті жұмысшы қазір аурухана төсегіне таңулы. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Жандос Садықов, Алакөл аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Қалған 7 науқастың 4-і қазір реанимация бөлімінде. Оның үшеуіне ота жасалды. Жағдайлары ауырлау. Үш науқас травмотология бөлімінде ем қабылдады. Жағдайлары орташалау.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




