Жаңалықтар
Головкиннің промоутері чемпиондық белбеулерді қайтарудың оңай жолын атады
- author «Ақ жол»
- 11 сәуір, 2019
- 498
Головкиннің промоутері чемпиондық белбеулерді қайтарудың оңай жолын атады
Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі Нью-Йоркте өтетінін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады. "Головкин оралады. Үзіліс жасаған. Ол соңғы жекпе-жегінде жеңілмеген еді. "Канелоны" қанша сыйласам да - қарымтада ол расымен жақсырақ жұдырықтасты - бірақ халық бәрін көріп тұр ғой. Ол - "Халық" чемпионы. Барлығы менен оның қашан оралатынын, кіммен жұдырықтасатынын сұрайды... Ол Нью-Йоркке оралады, қарсылас жақында анықталады. Нью-Йоркте Энтони Джошуа жекпе-жек өтеді, Теренс Кроуфорд те сонда жұдырықтасады. MSG алдағы бірнеше айда қызып тұрады", - деді Леффлер Shoot The Five басылымына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, промоутер Головкин неге DAZN-ді таңдағанын айтты.
"ESPN үлкен қызығушылық танытты, FOX та бар. DAZN "Канелоға" төте жол еді. Біріншісінде Головкин жеңді, екіншісінде теңдей түсті, ол белбеулерінен айырылмау керек болатын. Енді жанкүйерлер үшіншісін тамашалай алады.
"Канело" Джейкобспен тамаша кездесу өткізеді. Геннадий маусымда сәтті өнер көрсетсе, күзде үлкен жекпе-жек болады. "Канело" - Джейкобс кездесуінің жеңімпазы GGG-дің барлық белбеуін иеленеді, сондықтан бұл - белбеулерді қайтарудың ең оңай жолы. Головкин мен "Канело" бокстағы ең үлкен пайда әкелетін боксшылар, сондықтан үшінші кездесу өтеді және ол ел аузында қалатын оқиғалардың бірі болады", - дейді промоутер.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




