Спорт және туризм
Қос қазақстандықтың есімі Күрестің даңқ залына мәңгілікке жазылды
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2014
- 784
Қос қазақстандықтың есімі Күрестің даңқ залына мәңгілікке жазылды
Швейцарияда орналасқан ФИЛА-ның штаб-пәтеріндегі Күрестің даңқ залына қос қазақстандықтың есімі жазылды.
Мұндай атаққа Вадим Псарев пен Жақсылық Үшкемпіров лайық деп табылыпты. Бұл Ташкентте өткен ФИЛА конгресі кезінде белгілі болды.
Айта кетейік, даңқты қазақстандық жаттықтырушы Вадим Псаревтің шәкірттері халықаралық деңгейдегі 100-ге жуық марапатқа ие болған. Солардың ішінде ең жоғары дәрежеге жеткен - олимпиаданың екі дүркін чемпионы Валерий Рязанцев болды.
Сондай-ақ, бұл тізімге қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те қосылды. Ол 1980 жылғы Олимпиадада болгариялық Павел Христовты 12:7 есебімен ұтып, ұлтының даңқын асқақтатқан болатын. Оның ерлігін осы күнге дейін ешкім қайталай алмай келеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




