Қуатқа мүмкіндік берілді

Қуатқа мүмкіндік берілді
ашық дереккөз
Қуатқа мүмкіндік берілді

Аралас жекпе-жектен «Fight Nights» промоутерлік ұйымының чемпиондық белбеуі үшін әзірбайжандық Нариман Аббасов қазақстандық Қуат Хамитовке қарсы сегіз бұрышқа шығады. Бұған дейін 70,3 келі салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеу ресейлік Ахмед Алиевке тиесілі болатын. Алайда ол жоғарыда аты аталған промоутерлік ұйымнан өз еркімен кетті. Сол себепті чемпиондық белбеу бос қалды. Әзірбайжандық спортшы бұған дейін де чемпиондық белбеу үшін сынға түсіп, жеңілген еді. Алайда ол рейтингте жоғары орнын сақтап қалғандықтан, чемпиондық шайқасқа шығу мүмкіндігіне ие болып отырған көрінеді. Жалпы чемпиондық белбеу үшін өтетін шайқас 26 сәуірге жоспарланған. Ресей астанасы Мәскеуде өтетін шоуда Қуат Хамитов жеңімпаз атана алады ма? Оны әрине уақыт көрсете жатар. Дегенмен Әзірбайжан аралас жекпе-жек федерациясының басшысы Шахрияр Аббасов өз отандасының мықты спортшы екеніне сенімді. Әйтсе де ол Қуаттан қауіптенеді. «Ол өзгелерден өзгешелеу спортшы. Партерде де, тік тұрып та жақсы жұдырықтасады. Қуаттың техникасы да мығым. Сондықтан Қуаттан әбден сақтанған дұрыс деп есептеймін. Дегенмен біз алдағы кездесуге тастүйін дайынбыз. Тайландта оқу-жаттығу жиынын ойдағыдай өткіздік. Енді елге оралып, соңғы дайындығымызды пысықтап жатырмыз», – дейді Шахрияр Аббасов өз ойын білдіріп.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар