Түркістанда 10 гүлзар салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланып отыр. Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту және қаланы суландыру, көгалдандыру мақсаты көзделген.
Осыған сәйкес, негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Оның ішінде қалаға кіре берістегі Б.Саттарханов даңғылы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттандырылып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар салынады. Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміздер алаңы» осы гүлзарлармен жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




