Жаңалықтар
Австрия заңсыз мигранттармен күресу үшін шекарадағы тексеріс мерзімін ұзартады
- author «Ақ жол»
- 8 сәуір, 2019
- 534
Австрия заңсыз мигранттармен күресу үшін шекарадағы тексеріс мерзімін ұзартады
Австрия ішкі істер министрі Херберт Кикль елдің Венгрия мен Словениядағы шекарасында «заңсыз миграциямен тиімді күрес үшін» 2019 жылдың қарашасына дейін тексеріс болатынын хабарлады. Бұл туралы министр австриялық oe24.at басылымына берген сұхбатында айтқан.
«Еурокомиссияға келер аптада хат жібереміз. Бұл – біздің құқығымыз. Бұлай еткелі жатқан жалғыз Австрия емес. Басқа елдер де осындай шара қабылдауды жоспарлап отыр» дейді министр.
Австрияда соңғы кездері заңсыз мигранттар саны артқан.
Херберт Кикльдің сөзінше, бұл терроризм қаупін төндіреді. Министр «террористік «Ислам мемлекеті» ұйымы құлдыраған соң кезінде ұйым қатарына қосылған содырлар өздері бұрын тұрған Еуропа қалаларына оралуы мүмкін» дейді.
Дереккөз:Азаттық радиосыҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




