Лас-Вегаста үздіктер қатарынан көрінді
Таяуда Американың Лас-Вегас қаласында спорттық акробатикадан әлем кубогі додасы жалауын желбіретті. Аталмыш аламанға төрткүл дүниенің көптеген мемлекеттерінен кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылар қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл додада ел құрамасының сапында жерлестеріміз Юлия Просветова мен Әнел Нұржанова топқа түсіп, команданың жақсы нәтиже көрсетуіне күш салды.
Екі аптаға жуық уақыт созылған аламанда қазақстандық спортшылар жасындай жарқырады.Әнел мен Юлия жаһандық деңгейдегі жарысқа аса зор ынтамен дайындалғаны бәсеке барысында айқын сезіліп тұрды. №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қос бірдей түлегі дода барысында шеберліктерін әйгілеп, жұртшылықты тамсандырды.
Әлбетте, әлем кубогі сарапқа салынған аламанда осал командалар бақ сынамайтыны белгілі. Қатысушылардың барлығы да үздіктер қатарынан көрінуге күш салатыны талас тудырмайды. Десе де бұл жарыста Юлия мен Әнел жасындай жарқырай білді. Қазақстан намысын қорғаған аруларымыз үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені мойындарына ілді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




