Порошенконың әйелі Семейдің тумасы екен
Журналистер мұны да біліп қойыпты.
Сурет : strana.ua8 Сәуір 2019, 08:45
Украинаның "Страна" басылымы Украина ІІМ архивінен ел президентінің әйелі Марина Порошенко туралы қызықты фактілерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрын Марина Порошенко Киевте дүниеге келген деп саналып келген.
Ал ІІМ дерегінше, бұрынғы Украина ССР-і денсаулық сақтау министрі орынбасарының қызы 1962 жылы Семейде дүниеге келген.Кеңес заманында Семейде ядролық полигон орналасып, ондағы көптеген фабрикалар мен кәсіпорындар КСРО қорғаныс өнеркәсібіне жұмыс істеген. Ал Семейдің өзі жабық қала болатын. Марина Порошенко туылған жылы қаланың жанында ядролық сынақтар белсенді жүргізілген. Марина Порошенконың анасы – Людмила Николаевна Переведенцева совет заманында қорғаныс өнеркәсібіне қажетті өнімдер шығаратын Киевтегі "Арсенал" зауытында жұмыс істеген. Оны ұзақ уақытқа Семейге командировкаға жіберген болуы керек.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




