Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті - Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.
- Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




