Бруцеллезді анықтау жұмыстары бүкіл табынға жүргізілетін болады - министр
- author «Ақ жол»
- 2 сәуір, 2019
- 136
Оның айтуынша, Халықаралық эпизоотиялық бюро ұсынымдарына сәйкес бруцеллезге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды. Енді ветеринарлық іс-шаралар бруцеллезге зерттеу кезінде оң нәтиже берген жануарға ғана емес, бүкіл табынға жүргізіледі.
«Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 шақырым радиустағы халық шаруашылығының тәуекел аймағын анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енді жабайы құстардың қоныс аудару жолында және су қоймаларының жанында орналасқан шаруашылықтармен қатар құс фабрикаларындағы құстардың да ата-енелік табынына осы ауруға қарсы вакцина егілетін болады», - деді ол.
Министр дерегінше, сібір жарасы бойынша жыл сайын 100 пайыз қамти отырып, сезімтал жануарларға алдын ала вакцинациялау жүргізіледі. Халықаралық зертханаларда олардың сапасын тексере отырып, қолданылатын вакциналардың сапасын бақылау күшейтілді. 2017-2018 жылдары кадастрмен белгіленген сібір жарасының 2180 көміндісі қоршалды және тану белгілерімен белгіленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді