Облыста тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру бойынша барлық тетіктер қарастырылып, қажетті шаралар атқарылуда. Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында бұл туралы жан-жақты айтылды. Өңірде ағымдағы жылға 28 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған десек, бүгінде оған қоса тағы 6 үйдің құрылысын осы жылы аяқтау көзделіп отыр. Олар жергілікті тұрғын үй комбинатының есебінен бой көтермек. Бұл бір жағынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында комбинаттың жүктемесін ұтымды пайдалану болса, екінші жағынан, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін барынша жеделдетіп шешудің жүйелі жолы болмақ. Оның негізгі тиімділігі – құрылыс нысаны құнының тиімді бағада әрі қысқа мерзімде аяқталатындығында. Нақты атап айтар болсақ, ірі панельді құрылыс бөлшектерінен тұрғызылатын бұл тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің құны – 135 мың теңгеден айналып, аяқтау мерзімі 3-7 айды құрайды. Ал, нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 170 мың теңге көлемінде. Жиында «Бином» ЖШС-ның директоры Серік Олжабеков сөз алып, өз компаниясының мүмкіндіктері мен ағымдағы жылғы жоспарымен бөлісті. Ол тиісті қолдаулар көрсетілген жағдайда өздерінің жүктемелерін барынша арттырып, өңірдегі құрылыс саласын дамытуға ықпал ете алатындықтарын жеткізді. Өз кезегінде Асқар Исабекұлы құрылыс жұмыстарының тек уақтылы ғана емес, барынша сапалы атқарылу керектігіне де жіті назар аудартты. Сонымен қатар өңір басшысына өңірдегі тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін соғылатын жатақханалардың жайы да кеңінен баяндалды. Биыл бұл бағытта облыс бойынша 11 нысан бой көтермек. Оның 8-і Тараз қаласында, қалған 3-еуі аудандарда пайдалануға берілетін болады. Айта кету керек, жатақхананың ішкі құрылысы ортақ дәлізге емес, көп пәтерлі тұрғын үйлердегідей жекелеген кіреберістерге (подъезд) ыңғайластырылмақ. Сондай-ақ әр пәтердің өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын (санузел) бөлмесі де болады деп күтілуде. Басқосуда «7-20-25» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы қаралып, ондағы кездесіп отырған мәселелер жан-жақты талқыланды. Асқар Исабекұлы бұл бағытта Ұлттық банктің облыстық филиалының жұмысын ширату керектігіне айрықша көңіл бөліп, өзге де екінші деңгейлі банктер мен бағдарлама аясында құрылған арнайы орталықтың сылбыр жұмыстарын сынға алды. Бағдарлама аясында түскен өтініштердің тиісті орындар тарапынан уақыт созбай тезірек қаралуын баса айтып, алғашқы жарнаны субсидиялау шараларын тағы бір пысықтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді