Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде бірқатар қазақ боксшылары бақ сынап жатқанынан бокс жанкүйерлері хабардар. Әзірге бірнеше боксшымыз ширек финалға жолдама алып үлгерді. Олардың кейбірі басты бәсекелесіміз саналатын өзбекстандық өрендермен қолғап түйістіреді. Сонымен, қазақстандық былғары қолғап шеберлері кімдерге қарсы шаршы алаңға шықты? Ширек финалдық шайқастар кеше және бүгін өтті. Ол туралы толығырақ газетіміздің келесі санында жазатын боламыз. Ширек финалдағы жұптардың ішінде 52 килограмм салмақ дәрежесіндегі Абай Қуандықов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматовтың кездесуі жанкүйерлер тарапынан қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Олимпиада чемпионына қарсы шаршы алаңда бақ сынайтын Абайдан жанкүйерлер үміт күтетіні сөзсіз. Дусматов кезінде 49 килограмм салмақта жарыстарға қатысып жүретін. Таяуда салмағын ауыстырды. Жаңа салмақта өзін қалай сезінеді екен? Алдағы күндері 64 килограмм салмақтан 69 килограмм салмаққа көтерілген Икболжан Холдаров Асланбек Шымбергеновпен кездесуі мүмкін. Әрине, ол үшін екеуі де ширек финалдан өтуі керек. Бұл додада бақ сынаған 75 килограмм салмақ дәрежесіндегі Ермахан Жакпеков, Абай Төлеш сынды саңлақтарымыз жарысты ертерек аяқтауға мәжбүр болды. Ал 49 килограмм салмақта үш бірдей қазақ боксшысы ширек финалға шықты. Олардың бірі Жандос Несіпжан өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовке қарсы рингке көтерілді. Жалпы алғанда «Ұлы Жібек жолы» додасында топқа түскен саңлақтарымыздың көпшілігі ұлттық құраманың екінші, үшінші нөмірлі боксшылары саналады. Дегенмен мұндай жарыстарда олар өздерін дәлелдеуге тырысатыны айтпаса да түсінікті деп ойлаймыз. Оның үстіне жарысқа аттанғандардың қатарында Шалқар Айқынбай, Асланбек Шымбергенов, Алмасбек Әлібеков секілді тәжірибелері әбден толысқан саңлақтарымыз да баршылық. Қысқасы Баку төрінде өтіп жатқан байрақты бәсекеде қазақстандық боксшылар олжалы оралуға ниетті. Таяуда ғана AIBA президенті Гафур Рахимовтың қызметінен кеткенін ескерсек, өзбекстандық былғары қолғап шеберлері негізгі қолдаушысынан көз жазып қалғанын түсінеміз. Сондықтан біздің жігіттер мұндай тамаша мүмкіндікті сәтімен пайдаланғандары жөн.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




