Дарын мен қарын тел өсті, Бұрыннан дұшпан емес-ті. Аяқ астынан бір күні, Жата қалып егесті. Дарын айтты: – Қарын, сені біліп жүрміз, Білгеннен соң күліп жүрміз. Нәпсіге тым жеңілсіңдер, Барып тұрған жебірсіңдер. Өміріңде тойым жоқ, Тойсам деген ойың жоқ. Сонда, қарын айтты: – Дарын, сені білеміз, Біз де байқап жүреміз. «Ақылдымын, ғалыммын», деп жүрсің ғой «Дарынмын». Шын мәніне келгенде, Құлысың сен де қарынның. Өйткені біз аш болсақ, Басың да істемей қалады. Тісің де тістемей қалады. Ал біз тоқ болсақ, Көңілің тоқ болады, Ақылың көп болады, – деп егесіп тұрды.
* * *
Жалпы дарын мықты ма, Әлде қарын мықты ма? Ойласаң мазаң кетеді. Тек қарынға қызмет еткендер, Дарынның түбіне жетеді.
Қайыпназар ШОТБАСОВ, «Мыртық мылтық» кітабынан.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




