АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Қожамжаровтың ант беруі рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сонымен қатар Қ. Қожамжаров Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің мүшесі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР Бас прокуроры қызметін атқарған болатын.
Айта кетейік, Парламент Сенатының жалпы отырысында Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




