Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетіне төраға болды
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2019
- 538
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сенаторлар Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы қызметіне Мұхтар Құл-Мұхаммедті сайлау туралы шешімді бірауыздан қолдады.
«Бүгінгі көрсеткен қолдау мен сенім - бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан барлық күш-жігерімді осы сенімді ақтауға жұмсайтын боламын. Баршаңызға рахмет!», - деді М. Құл-Мұхаммед.
М. Абрарұлы 1960 жылы 12 желтоқсанда туған, қазақ, білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналист, заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, ҚР Президентінің Кеңесшісі, баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы қызметін Дариға Назарбаева атқарған еді. Биылғы 20 наурыз күні Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




