Жаңалықтар
Қызылорда облысындағы әуе апатынан қанша адамның қаза тапқаны анықталды
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2019
- 216
Қызылорда облысындағы әуе апатынан қанша адамның қаза тапқаны анықталды
Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан 13 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"27 наурызда ҚР ҚК тікұшағы құлаған кезде әскери борышын өтеу барысында бортта болған 13 әскери қызметкер қаза тапты. Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамы қаза болған жолдастарының жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсетеді", - делінген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлағаны хабарланған еді.
"2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды.
Кейін тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді