Қазақстанда поштамен сәлемдеме жеткізу 3 күнге дейін қысқарады
- author «Ақ жол»
- 25 наурыз, 2019
- 518
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан бойынша поштамен сәлемдеме жеткізу уақыты 3 күнге дейін қысқарады. Бұл туралы Астанада баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның сөзінше, барлық процестерді оңтайлындыру нәтижесінде, өткен жылы Қазақстан бойынша сәлемдеме жеткізу уақыты 10-нан 6 күнге дейін қысқарды. 2019 жылы сәуір айынан бастап еліміз аумағында 6-дан 3 күнге дейін азайту жоспарлануда.
«Халықаралық тасымалдар мерзімін былтыр 15 күнге дейін азайта алдық. Егер де шетелдік серіктестер оңтайлы қадамдар жасаса, онда бұл мерзімді 10 күнге дейін қысқартуға қауқарлы боламыз», - деді Сәрсенов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазпошта» басшысы сәлемдемелердің жоғалуына қатысты түсінік берген еді.
«Өткен жылы 18,6 млн сәлемдеме жеткіздік, оның ішінде тек қана 469 сәлемдеме жолда жоғалды. Яғни мың немесе миллион емес. Ал егер уақытылы жеткізу мәселесіне тоқталсақ, әлемдік статистика бойынша сәлемдемелердің 93-97 пайызы дер кезінде жеткізілуі тиіс. Осы орайда Дүнижүзілік пошта одағының талабы бар. Біздегі көрсеткіш 95 пайыз шамасында. 5 пайызы түрлі себептермен кешіктіріліп жеткізілді», - деді С. Сәрсенов.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




